Қарағандыда діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мәжілісі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбектің қатысуымен Достық үйінде өтті. Іс-шара Рухани келісім күніне орайластырылды, деп хабарлады karaganda-region.gov.kz.
"Келісім – біздің экономикалық өсудің, тұрақтылығымыздың негізі. Біз-конфессияаралық бейбітшілік пен келісім бойынша көптеген елдер үшін үлгі болдық. Біз этностық даулардың салдарынан мемлекеттер құлдырап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан біз отбасы, бейбітшілік, мейірімділік және қайырымдылық секілді дәстүрлі құндылықтарымызды сақтауымыз керек. Бізге рухани құндылықтарды және зорлық-зомбылыққа төзбеушілікті насихаттау жұмыстарын күшейту қажет, - деді Жеңіс Қасымбек.
Өңір басшысының бұл ойымен облыстың ірі діни бірлестіктерінің басшылары да келісті. Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа мешіттерде жастар үшін жұмыс табуға көмектесетінін айтты.
"Бізге келген көптеген жастар жұмыс таба алмайтынына шағымданады. Осыны ескере отырып, біз жұмыспен қамту орталығымен намаз алдында олардың өкілдері жамағатқа қайда және қалай жұмысқа орналасуға болатыны туралы әңгімелейтініне келістік. Осының арқасында көптеген адамдар жұмыс таба алды, - деді ол.
Қарағанды және Шахтинск епархиясының хатшысы Владимир Фрейганг қазіргі жастар дәстүрлі отбасы моделінен көбірек алыстап бара жатқандығына алаңдаушылық білдірді. Некеге анағұрлым кешірек тұрып, жас отбасыларда он-он бес жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда анағұрлым аз бала туу үрдісі қалыптасып отыр.
"Мемлекеттік органдармен бірге православие шіркеуі отбасы құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған жастар арасында насихаттау және ағарту жұмыстарын жүргізуге, барлық көмек көрсетуге дайын", - деді протоиерей.
Қарағанды облысының әкімі дін бастамасына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Рухани Келісім Күні 1992 жылдан 18 қазанда тойланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы