Түркістанда карантинді елемегендерге 224 млн теңге айыппұл салынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары індетті жұқтырғандардың басым бөлігін вакцина салдырмағандар мен карантиндік талаптарды сақтамай көпшілік орындарға барғандар құрайтынын жеткізді, деп жазды otyrar.kz. 

Бүгінгі күні облыста ауырып үй карантиніне жатқызылған азаматтар, жауапкершілікті сезінбестен қоғамдық орындарға шығу фактілері жиілеуде. Мәселен, 1 тамыз күнінен бері «Ashyq» бағдарламасының көмегімен 171 карантин талаптарын бұзған азаматты анықтаса, оның 94-і «қызыл» статуспен қоғамдық орындарда қолға түскен. Карантин режимін бұзып жұмыс істеген объектілерге және жеке тұлғаларға 4000-ға жуық әкімшілік хаттама толтырылып, 224 млн. теңге айыппұл салынды, – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов.
Айта кетейік, облыс бойынша пандемия басталғаннан бері COVID-19 індетімен тіркелген жағдайлар саны 12 мыңнан асты. Оның 10 мыңнан астамы жазылып шықса, 64-і қайтыс болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы