Қарағандыда басшысына оқ атқан ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда ер адам ЖШС директорын тапаншамен атқан, деп жазады zakon.kz.

Дереккөздің жазуынша, 27 қазанда сауда орнында атыс болған.

Полицейлер кәсіпорында ЖШС-нің 30 жастағы директоры мен белгісіз ер адам арасында жанжал туындағанын анықтады. Қызметкер басшысына «Оса» травматикалық тапаншасынан оқ атқан. Жәбірленуші оқтан жарақат алса да, ауруханада емделуден бас тартты, – деді полицей.

Оқиғаға қатысы бар 29 жастағы күдікті ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Тапанша тәркіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы