26 Маусым 2021 2021, 04:45
Қарағанды саябағында өлі арыстанның денесі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының саябағында өлі арыстанның денесі табылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының саябағында өлі арыстанның денесі табылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
25 маусымда Қарағанды қаласының Орталық саябағының аумағында жабайы жануар – арыстанның жерленген жері табылды.
Тәртіп сақшылары барлық жағдайды анықтап жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 316-бабы (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша қылмыстық іс тіркелген.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.