Қарағанды саябағында 200 домбырашы өнер көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 шілдеде Орталық саябақ жағалауында Домбыра күніне арналған үлкен флешмоб-концерт өтеді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің ресми сайты.
Көрермендер музыка мектебінің 200-ден астам домбырашы-оқушылары мен оқытушыларының, сонымен қатар Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары орекстрінің өнерін тамашалайтын болады. Олар «Сарыарқа», «Адай» және «Балбырауын» сияқты танымал күйлерді сыйға тартпақ."Домбыра күніне орай Қарағанды облысында апта бойы осы мерекеге арналған іс-шаралар өтеді. 4 шілдеде Достық үйінде «Ұлы дала перзенті» фестивалі ұйымдастырылады. Ал 5 шілдеде Шет ауданының археологиялық-этнографиялық мұражайында – «Күмбірле қоңыр домбыра, саз байрағы!» іс-шарасы өткізіледі", - делінген таратылған ақпаратта.
Домбыра күні жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақ диаспорасы балаларына арналған олимпиада өтеді
Өзгелердің жаңалығы