Қарағанды облысының фермерлері астанадағы жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы демалыс күндері Нұр-Сұлтандағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Қарағанды облысы өз өнімдерін ұсынады.
Бұл 600 тоннадан астам тауар, сондай-ақ жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
Жәрмеңке дәстүрлі түрде «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы алаңында (Д.Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) өтеді.
2 және 3 қазан күндері Қарағанды облысының 9 ауданы мен 4 қаласының 126 фермерлік шаруашылығы мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз тауарларын ұсынады. Сөрелерде азық - түліктің 117 атауы ұсынылады, оның ішінде: еттің барлық түрі - 150,1 тонна, балық - 4,3 тонна, жұмыртқа - 200 мың дана, сүт өнімдері - 20 тонна, картоп пен көкөністер - 495 тонна, шұжық, кондитерлік, нан-тоқаш өнімдері - 11,4 тонна.
Елордада биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады. 21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл және Ақтөбе облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.
Айта кетейік, жәрмеңке Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ұсынған санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.