Қарағанды облысының шаруалары елордаға 600 тоннадан астам өнім әкеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазанның 5-6 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қарағанды облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке аясында Бауырсақ және қымыз фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алдағы демалыста "Хан Шатыр" сауда  ойын-сауық орталығының жанында Қарағанды облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге өңірдің 9 ауданы мен 4 қаласынан 80 шаруа қожалықтары және қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады. Сауда сөрелерінде барлығы 600 тоннадан астам өнім сатылады.

"Оның ішінде: 100 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 15 тонна сүт өнімдері, 360 мың дана жұмыртқа, 5 тонна балық және  16 тоннадан астам басқа да өнімдер әкелінеді. Сонымен қоса, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу аясында «Бауырсақ және қымыз» фестивальдері ұймдастырылып, келушілер назарына өңірдің шығармашылық ұжымдарымен концерттік бағдарлама ұсынылады", - делінген таратылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы