Қарағанды облысында жылжымалы медициналық кешендер жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы мамыр мерекелерінде Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалаларының орталық және қалалық саябақтарында вакцинациялаудың барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жылжымалы медициналық кешендер жұмыс жасайды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Жалпы облыс бойынша 115 екпе кабинеті ашылған, олардың өткізу қабілеті күніне 8-9 мың адамды құрайды. Адамдарға ыңғайлы болу үшін 7 ірі сауда орталығында егу кабинеттері ашылды. Зейнеткерлерге үйге арнайы мобильді бригадалардың келуі қарастырылған. Сондай-ақ иммундау шаралары өнеркәсіп кәсіпорындарында да жергілікті жерге барып жүргізіледі, - деп жазды ол.

Бүгінгі күні бірінші компонент облыстың 116 975 тұрғынына, ал екінші компонент 15 482 адамға егілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы