Қарағанды облысында жол апатынан полицей қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қаңтарда "Қарағанды-Балқаш" автожолында Shacman автокөлігінің жүргізушісі Қарағандыға қарай келе жатып, рульді басқара алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, полиция қызметкері мінген ВАЗ автокөлігімен соқтығысты.
Жол апатынан екі жолаушы - 30 жастағы полиция қызметкері мен 46 жастағы облыс тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі 35 жастағы полиция қызметкері түрлі жарақатпен Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Қарағанды облысы Ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Қаза тапқан полиция капитаны Дәурен Қабдығалиев 2009 жылдың мамыр айынан бастап қызметте, үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.