Қарағанды облысында жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұра ауданында жүргізілген ұзақ уақыт іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 5 мамырда Қарағанды облысы ТЖ департаментінің құтқару бөлімшелері Тассуат ауылының маңында 8 сәуірде жоғалып кеткен 1958 жылы туған Н.Х. Сүлейменовтың денесін тапты. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

10 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нұра өзенінің арнасы бойында іздеу жұмыстары барлық тәсілді қолдана отырып жүргізілді. Талдау әдісімен 32 шақырым жерді жүріп өтті, эхолотпен 23 шақырым жер тексерілді, көзбен шолып 75 шақырым тексерілді, квадрокоптермен 35 шақырым тексерілді.

Сондай-ақ жаяу тәртіпте Нұра өзенінің 45 шақырым арнасы зерттелді. ТЖД кинологиялық есеп топтары 18 шақырым жерді тексерді, жүзу құралдарында ұзындығы 170 шақырымнан асатын өзен арнасының су кеңістігі тексерілді.

Іздеу жұмыстарына тікұшақ та тартылды. Бұдан басқа, аэровизуалды тексеру үшін мотопарапландар тартылды, олар шамамен 30 шақырым жерді тексерді.

Өзен арнасы бойындағы іздеу жұмыстары судың үлкен деңгейімен, түбінің күрделі рельефімен, шұңқырлармен, лайлы су астында көру мүмкіндігінің болмауымен, өсімдіктердің көптігімен қиындай түсті.

Дегенмен, құтқарушылар үміт үзбей, іздеу жұмыстарын жалғастырды.

Қаза болған адамның денесі көлік табылған жерден 4 шақырым қашықтықта жағадан судың ортасына қарай 50 м жерден табылды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы