Қарағандыда жедел жәрдем автопаркі 36 реанимобильмен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жедел жәрдем автопаркі 36 реанимобильмен толықты.
Қарағанды облысына 36 санитарлық көлік келді. Медициналық көліктер барлық қажетті медициналық жабтықтармен қамтамасыз етілген. Автомобильдер мамандандырылған бригадаға арналған С класындағы реанимобильдер мен фельдшерлік бригадаларға арналған А класындағы автомобильдерден тұрады.
Тағы 24 медициналық көлік жыл соңына дейін жеткізіледі. Жалпы алғанда, республикалық бюджет есебінен тағы 60 жаңа жедел жәрдем көлігі, оның ішінде 16 реанимобиль келеді деп күтілуде. Олардың барлығы жедел медициналық көмекке арналған заманауи құрылғылармен жабдықталған.
Көліктер облыстың барлық қалалары мен аудандарына таратылатын болады. Бұл автопарк құрамын жаңартуға және қосалқы станцияларда резервтік көліктер қатарын құруға мүмкіндік береді.
Автопаркті жаңарту облыс қалалары мен аудандарында көрсетілетін медициналық жәрдемнің сапасын арттыруға ықпал етеді.