Қарағанды облысында ядролық медицина орталығы салынады – Қасымбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.
18 мамырдағы жағдай бойынша облыста коронавирус індетінің зертханалық расталған 28 222 жағдай тіркелді. Қазіргі уақытта 4899 инфекциялық орын пайдаланылып жатыр. Олардың толымдығы 36 пайыздан аспайды. Облыстық стационарлары мен емханаларды дәрілік заттармен қамтамасыз ету 3 айлық көлемі орындалды. 5890 медицина қызметкері осы жұмысқа жұмылдырылды, - деді ол.
Қасымбек атағандай, Қарағанды облысында 84 472 адам толық вакцина алды.
Алғашқы компонентті 150 мың адам алды. Алдымен дәрігерлер мен мұғалімер, тірлікті қамтамасыз етуші қызмет жұмысшылары вакцина алды. Қабылданып жатқан шаралар жағдайды тұрақтандырады деп санамаймыз. Медицинаны дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Биыл бірқатар инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, - деді ол.
Облыс әкімі екі жаңа қосалқы жедел жәрдем станциясы іске кірісетінін айтты.
Маусымда операциялық-жансақтау блоктың облыстық онкологиялық диспансердің ядролық медицина орталығы ғимаратының құрылысы басталады, - деді ол.