Қарағанды облысында сайлау белсенді өтіп жатыр – сайлау комиссиясы

Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында бүгін 75 ауылдың әкімі сайланады. Ең көп ауыл әкімдері Нұра, Бұқар Жырау, Осакарова және Қарқаралы аудандарында сайланатын болады. Кандидаттар арасында белсенділік жоғары. Бір орынға 3-4 кандиттан келеді.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша сағат 14.00-дегі жағдай бойынша облыста тізімге енгізілген сайлаушылардың 48 пайызы дауыс берген. Халық арасында жоғары белсенділік Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров аудандарында байқалуда.

149 сайлау учаскесіндегі сайлау процесін 400-ге жуық байқаушы бақылауда. Сайлау учаскелеріндегі қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың, сондай-ақ, кандидаттардың сенім білдірген байқаушыларды тарапынан ешқандай шағымдар мен өтініштер түскен жоқ, - дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов.

Өңірдегі 13 ауылда, 17 кентте және 45 ауылдық округте өтіп жатқан ауыл әкімдерін сайлаудың қорытындысы дауыс беру аяқталғаннан кейін және дауыстар саналғаннан соң 3 күн ішінде шығуы тиіс. Сайлаудан кейін жеті күн өткен соң аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімді тіркеп, ол өз өкілеттілігіне кіріседі. Ауыл әкімдері төрт жылға сайланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы