Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше сағат 10:37-де Қарқаралы ауданында «Қарағанды - Аягөз-Бұғаз» автожолында рульді басқара алмаған автокөлік жүргізушісі кюветке шығып, кейіннен бүйіріне аударылып кетті.

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

ТЖД күшімен 3 адам құтқарылып, Қарқаралы қаласына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаждар болмады.

8 ақпан күні сағат 02:50-де Қарқаралы ауданында жергілікті маңызы бар «Аманжолов-Аққора» автожолында, Қарқаралы қаласынан 60 шақырым жерде ТЖД күшімен қар құрсауынан 2 жеңіл автокөлік шығарылды. Олардың ішінде 8 адам, оның ішінде 3 бала болды. Медициналық көмек қажет емес еді, - делінген хабарламада.

Қарағанды облысы ТЖ департаменті облыс аумағында дауылды ескерту әрекет ететіндігін еске салады.

Жүргізушілерге автожолдардағы қозғалысты жабу немесе шектеу туралы ақпаратты қадағалауға кеңес беріледі. Қозғалыс жабылған кезде көлік құралдарының автожолдарда жабылу орындарында жиналмауын, мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде немесе жол бойындағы кафелерде болуын сұраймыз, - делінген таратылған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, 7-8 ақпанда ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысында барлық бағыт бойынша барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы