Қарағанды облысында екі адам суға кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында екі адам суға кетті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
6 шілде сағат 17:40-та Абай ауданында, Шерубай-Нұра су қоймасында Қарағанды облысы ТЖД күшімен 1967 жылы туған ер адамның денесі табылып, судан шығарылды.Ол шомылу үшін арнайы жабдықталмаған жерде суға батып кетті. Сондай-ақ, сағат 18:18-де Қарағандыда Көгілдір тоған шағынауданының маңында жабдықталмаған жерде жас жігіттің суға батқаны туралы хабарлама келген.
6 шілде күні сағат 20:39-да Қарағандының құтқарушылары 1996 жылы туған жігіттің мәйітін Оңтүстік-Шығыс және Көгілдір тоған шағынауданданы жанында орналасқан «Триатлон парк» маңындағы жасанды су қоймасынан шығарып алды. Ол суға шомылуға жабдықталмаған жерде батып кеткен, – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.Құтқарушылар демалу барысында азаматтардан шомылу кезінде барынша сақ болып, жауапкершілік танытуды сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мұхтар Тілеуберді Испанияға ресми сапармен барды
Өзгелердің жаңалығы