Қарағанды облысында бейбіт шеру өткізетін 49 орын белгіленген

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 2020 жылы «Бейбіт жиналыстар туралы» заң жобасы қабылданған болатын. Бүгінде Қарағанды облысының аудандары мен қалаларында бейбіт шерулер өткізетін арнайы орындар белгіленген.

Қарағанды облысында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

2019 жылы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасыз іске асыру біздің ортақ міндетіміз деп атап көрсеткен болатын. Аталған жолдауда бірқатар мемлекеттік маңызы бар мәселерге тоқтала келе осы бейбіт жиындарды өткізу мәселесіне де айрықша тоқталды. Конституцияға сәйкес азаматтар өзінің пікірін, қоғамдағы белгілі бір резонанстық оқиғаларға байланысты ұстанымын білдіруге құқылы. Егер бұл ісі конституцияға қарсы болмаса, азаматтардың, қоғамның тыныштығын бұзуды мақсат етпесе оған рұқсат ету керек деп атап көрсетті. Осыны ескере отырып, біздің елімізде жаңа заңды қабылдаудың қажеттілігі туындаған болатын. Өткен жылдан бастап «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу туралы» жаңа заң қолданысқа енгізілді. Оны әзірлеу барысында әлемнің дамыған мемлекеттерінің тәжірибесі жан-жақты зерделеніп, ескерілді. Нәтижесінде Қазақстанда қабылданған заң батыстық балаламаларына қарағанда тек хабарламалауды талап етіп отыр. Бұл заң жобасы біздің аймағымызда да қоғам белсенділері тарапынан үлкен талқылаудан өтті, - дейді Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын.

Басқарма басшысы елімізде бұған дейін қолданыста болған заңның кемшін тұстарына да тоқталып өтті.

Осының алдында қолданыста болған заң 25 жыл бұрын қабылданған болатын. Әрине, уақыт өте келе 1995 жылғы заңдағы нормалардың ескіргендігі, өзгерісті талап ететіндігі белгілі болып, жаңа заңға қажеттілік туындады. Сарапшылардың пікірінше, бұрын қолданыста болған заңда бірқатар негізсіз шектеулер белгіленген болатын. Мемлекеттік органдарға сұрауларды өз еркімен түсіндіру үшін немесе бейбіт жиналыстарды өткізуге бас тартуға өкілеттіліктер ескі редакцияда берілген болатын. Бұрынғы заңның тағы бір кемшілігі – жиналыс, демонстрация, шеру, митинг, пикет сияқты ұғымдардың анықталмағандығы. Сондықтан да азаматтардың акциясын заңсыз жиналыс немесе пикет ретінде қабылдауға негіз болды. Сондай-ақ, мамандар, заңгерлер жергілікті атқарушы органдардың жиналыс өткізуге рұқсат етілген орындарын әдетте елдімекеннің шетінде орналасқандығын атап өтетін. Бұл өз кезегінде акцияға қатысушыларға қолайсыздық тудыратындығы да белгілі. Сонымен қатар, ескі заңда қатысушылар мен оқиға орнында болған кездейсоқ жолаушылардың да арасында ешқандай айырмашылық болған жоқ. Яғни осы жиынға қатысушылардың мәртебесі айқындалмаған болатын. Журналистердің, құқық қорғаушылардың, бақылаушылардың да мәртебесі ескі заңда анықталмаған, - дейді Құсайын.

Оның айтуынша, 1995 жылы қабылданға заңдағы кемшіліктер жаңа заң жобасының дайындау барысында ескерілді. Заң жобасын талқылауға азаматтық белсенділер, сарапшылар, мамандар, қоғам өкілдері кеңінен қатысты.

Біздің облысымызда да осы заң жобасын талқылау бойынша қоғамда бірнеше кездесулер өткізілді. Жүргізілген үлкен жұмыстардың нәтижесінде жаңа заң әзірленді, парламентте бірнеше талқылаудан өтіп, сенаттың түзетулерімен Мәжіліске қайта қайтарылды. Барлық айтылған ұсыныстар, қоғам өкілдерінің пікірлері қайта қаралып, жаңа талаптар мен уақыт сұранысына сай жаңа заң қабылданды. Президент қол қойған «Бейбіт жиналыстар туралы» жаңа заң «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын нақты өмірде жүзеге асырудың айқын көрінісі, айқын дәлелі деп айтуға болады. Жаңа заңда ұғымдық апарат енгізілді. Митинг, шеру, пикет, демонстрация дегендердің нақты дифиринциясы осы заң жобасында берілді. Сонымен бірге, ұйымдастырушылардың, қатысушалардың, журналистердің құқықтары мен міндеттері де айқын көрсетілді. Қатысушалырдың іс-қимыл алгоритмі де заңда тайға таңба басқандай нақты көрсетіліп отыр. Аталмыш заңның 8 бабы 2 тармағына сәйкес республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті уәкілетті органдары бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу үшін мамандандырылған орындарды анықтайды. Біздің облысымызда мұндай 49 орын белгіленді және шеру өткізетін 30 бағыт анықталды. Облыс орталығында 3 орын, 1 бағыты бар, - дейді басқарма басшысы.

Барлық орындар көпшіліктің талқылауы бойынша тыңдаулар өткізіле отырып, шеткері емес елдімекеннің, қаланың орталығында орналасуы керек деген принципке сәйкес анықталған. Бейбіт шеру өткізуге арналған орындардың барлығы қалалар мен аудандардың орталық бөлігінде орналасқан. Бейбіт жиындардың қатысушыларына, оның субъектілеріне барлық жағдай жасалған.

Шеру өткізуге белгіленген арнайы орындардың тізімін жерлікті атқарушы органдардың ресми сайтынан көруге болады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы