Қарағанды облысында «Бастау Бизнес» жобасының 446 түлегі грант алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында «Бастау Бизнес» бағдарламасының танымалдығы артып келеді. Биылғы жылы кәсіпкерлік негіздеріне 1 472 адам оқытылды. Өз ісін дамытуға гранттарды жобаның 446 түлегі алды.

Гранттардың жалпы сомасы 260,2 млн теңгені құрады.

Біздің облыста «Бастау Бизнес» бойынша 2021 жылы 1 250 адамды оқыту жоспарланған болатын. Біз бұл саннан асып кеттік. 16 тамыздан бастап бесінші лек басталды, тағы 175 тыңдаушы оқудан өтеді, – деп атап өтті Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов. 

Жоба түлектері көбінесе ауыл шаруашылығын таңдайды. Бұл салаға барлық бизнес-жобалардың 71%- ы тиесілі. Мысалы, Бұқар Жырау ауданында ауыл шаруашылығы бастамаларының үлесі 96%-ды құрайды. 

 Облыс орталығында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қызмет көрсету, өңдеу өнеркәсібі және сауда саласын қалайды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы