Қарағанды облысында аттракциондардың қауіпсіздігі тексерілуде

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақтағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондардың қауіпсіздік талаптарына сай келетіндігі тексерілуде. Рейд облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен полицейлердің қатысуымен іске асты.

Балалар аттракциондары жерге берік бекітіліп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуі қажет. Сондай-ақ, ойын алаңдарын пайдаланушылар жарақат алмауы керек. ТЖД және полиция қызметкерлері бірлесе жүргізген профилактикалық рейд барысында аттракцион иелері мен пайдаланушыларға аттракциондарды пайдаланудың осы және басқа ережелері еске салынып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Азаматтардың жаппай демалу орындарына профилактикалық рейдтер жүргізуде. Кешенді рейдтер ойын алаңдарын, әртүрлі аттракциондарын бекітілген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатымен өткізілуде. Аттракциондардың жұмысы 18.10.2016 жылғы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен қабылданған «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс», - дейді Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Оның айтуынша, регламенттін талаптары аттракциондардың барлық түрлеріне – уақытша немесе тұрақты аттракциондардың барлығына таралады.

«Мысалы, аттракционға кірер жерге аттракционды пайдалану ережелері, пайдаланушылардың жас шектеуі және денсаулық жағдайына байланысты шектеулер жайлы, сонымен қатар жыл сайынғы тексерудің күні көрсетілген ақпараттық кестелер ілініп тұруы қажет. Аттракциондардың жиналуы және құруы құжаттамаларға сәйкес орындалу қажет», - дейді ведомосто өкілі.

Еске салайық, 25 мамыр күні Қарағандының Орталық саябағында үрмелі батут төңкеріліп кетіп, 11 жастағы бала көз жұмды. Тағы екі бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 

Оқыс оқиғадан кейін облыстағы барлық үрмелі батуттардың жұмысы тоқтатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы