Қарағанды облысына қытайдың Vero Cell вакцинасы жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысына қытайлық Vero Cell екі компонентті вакцинасының 40 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бұл көлем 20 мың тұрғынды иммундау үшін жеткілікті. Вакцина бүкіл облыс бойынша таратылады.
Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасы инактивті. Оны өндіру үшін вакциналарды жасаудың стандартты технологиясы қолданылады, онда ауруды тудыруы мүмкін вирустың патогендік бөлігі өлтіріледі, бірақ сонымен бірге оның денеде қорғаныс антиденелерінің пайда болуын тудыратын қабілеті сақталады. Ол анағұрлым жеңілірек сезіледі. Бұл вакцинамен ең алдымен қауіп тобындағы адамдарды иммундау ұсынылады. Вакцина 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Vero Cell препаратының бір дозасы – 0,5 миллилитр. Вакцинаның екі дозасын (әрқайсысы 0,5 миллилитр) 3–4 апта аралығымен (21–28 күн) енгізу ұсынылады, – деп атап өтті Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. – Аралық нәтижелер COVID-19-ға қарсы 79,3% тиімділікті және орташа және ауыр жағдайлардың алдын алуда 100% тиімділікті көрсетеді.
Айта кету керек, Vero Cell ДДСҰ-мен мақұлданған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда заңсыз ауланған төрт тоннадан астам балық тәркіленді
Келесі жаңалық
Сенат cпикері Португалия парламентінің төрағасымен кездесті
Өзгелердің жаңалығы