Қарағанды облыстық ТЖД басшысы Ұлытау ауданындағы жағдай туралы мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлытау ауданы Ақтас ауылдық округінің Пионер елді мекенінің маңында 2 мың гектарға жуық ең үлкен өрт ошағы шоғырланған. Қазір ауылға жақын маңда жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі уақытта елді мекенге қауіп жоқ, деп мәлімдеді облыстық ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов.
Өрт Жангелді және Ақтас ауылдық округтерінің аумағында ауыздықталуда.
Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардан, ерікті өрт сөндіру құрамаларынан, сондай-ақ ТЖ департаментінен 87 бірлік техника және 197 адам жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Пионер ауылына қауіп төніп тұрған жоқ. Елді мекеннен 3–5 шақырым қашықтықта жану ошақтары болды. Олар инженерлік техниканың көмегімен ауыздықталды және жойылды, – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы полковник Мұрат Қатпанов.
Ең күрделі учаскелер – қыстауларға, фермерлік шаруашылықтарға оттың жақындауы жедел түрде оқшауландырылды және жойылды. Дегенмен, жұмыс әлі де жалғасып жатқан жеке аумақтар бар.
Оқиға орындарына қосымша ТЖД қызметкерлерінің келуі күтілуде. Олар ең қиын жерлерге қойылады.
Жергілікті атқарушы органдар өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.
Жалпы жағдай бақылауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында үш күнде 3 адам суға батып кеткен
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы