Қарағанды қаласында «Арай» базары өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қазанда сағат 00:07-де Қарағанды қаласындағы «Арай» базарындағы өрт туралы хабар түскен. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Өрт сөндірушілердің оқиға орнына 6 минутта барды. Келген сәтте базар аумағында контейнерлер ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Объектінің электр тоғынан ажыратылмағаны, сондай-ақ жақын тұрған басқа контейнерлерге оттың ауысу қаупі болғандықтан, өртті сөндіру қиындай түскен. Өрт сөндірушілер жапсарлас орналасқан контейнерлерді ашып, заттарды сыртқа шығарды, - делінген хабарламада. 

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД-нің 50 адамы мен 11 техникасы жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 01:23-те жойылды. Өрт 14 сауда контейнерін жалпы ауданы 200 ш.м. жерді шарпыған.

Жанып жатқан контейнерлердің бірінде өрт сөндірушілер үлкен сомма ақша тауып, оны иесіне қайтарды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы