Қарағанды ІІМ академиясының түлектері диплом алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ Тергеу ведомствосының басшысы Қарағанды академиясының түлектеріне диплом табыстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылы 25 маусымда ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы полиция полковнигі Санжар Әділов болашақ тергеушілер мен криминалистерге жоғары білім туралы дипломдарды табыс етті.
Жас офицерлерді салтанатты түрде шығару, оқу орнының алаңында барлық жеке құрам мен білім алушылардың қатысуымен өтті.
Қарағанды академиясы жоғары кәсіби кадрлар легін тәрбиелеген ведомстволық жоғары оқу орны болып табылады. 66 генерал – академия түлектері. Бүгінгі таңда Академия – бұл ІІМ жүйесіндегі тергеушілер мен криминалистерді оқытатын бірегей оқу орны. Оқу орнының бай, жарты ғасырлық тарихы бар және бүгінгі таңда біз жаңа бетiн жазып отырмыз, – деді Әділов.
Түлектерге арнаған сөзінде, тергеу ведомствосының басшысы академия қабырғасында алған білімді практикада сауатты қолданудың маңыздылығын еске салды.
Әріптестер, сіздер өте қиын, бірақ құрметті жұмысты таңдадыңыздар. Сіз қазір жолдың басындасыз, бірақ сіз тергеуші, сот-криминалистикалық маман ретінде жұмыс істей отырып, адамдардың тағдыры үшін үлкен жауапкершілікті өз мойныңызға алатындығын, әрдайым есте ұстауыңыз керек. Қылмыстарды тергеу-тергеушіден жан-жақтылықты, мәнін терең және кең түсінуді, тез шешім қабылдауды, фактілерді өлшеуді талап ететін өнер. Криминалистер, тергеудің бүкіл барысы, оқиға орнынан жиналған іздердің сапасына, заттай дәлелдемелерге байланысты. Барлығыңызға қылмыстарды тергеу міндеті жүктелген, кінәлі адам жазалануы керек. Қазақстандықтардың әл-ауқаты мен тыныштығы алға қойылған міндеттерді орындаудың тиімділігіне байланысты, – деп атап өтті Санжар Әділов.
Санжар Әділов жас қызметкерлердің өз Отанына адал қызмет етіп, ішкі істер органдарының офицері атағын лайықты алып жүретініне сенім білдірді. Ол сондай-ақ, жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамына өз ісіне адалдығы, шыдамдылығы мен тәжірибесі үшін алғысын білдірді.