Қарағаев жер қойнауын пайдалану құқығы кімдерге берілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев айтты.
Оның айтуынша, жер қойнауын пайдалануға арналған құқықты алу ұлттық компанияны қоспағанда, электронды аукцион арқылы ғана беріледі.Мұнай-газ кешенін еліміздің дамытуында айтарлықтай рөлі бар. Ол ел бюджетіндегі салық түсімін, инвестицияның, жұмыс орнының айтарлықтай бөлігін қамтамасыз етеді. Жер қойнауы саласында жүргізіліп жатқан реформалар инвесторларға қолайлы жағдай жасауға жұмыс орындарын ашу мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Былтырғы қосымша бойынша геологиялық барлауға салынған инвестиция көлемі 137,6 млрд теңгені құрады, - деді Қарағаев.
Оған тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалануға құқық беріледі. Энергетика министрлігі БҚО, Атырау, Ақтөбе облыстарында 10 жер қойнауы учаскесі бойынша 2020 жылдың 28 қыркүйегінде алғашқы электронды аукционды жариялады. Алғашқы аукцион бойынша қол қойылатын бонустың жалпы сомасы 61 млрд теңге жеті қойнау бойынша аукцион жеңімпаздары анықталды, - деді Қарағаев.