Қарағанды облысында жаңа кәсіпорындар салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жаңа кәсіпорындар пайда болады. Төрт инвестициялық жоба Қаражал, Жаңаарқа, Нұра және Ақтоғай аудандарында жүзеге асырылады. Олардың барлығы кәсіпкерлікті қолдау картасына енді, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
Инвестиция сомасы – 12 млрд теңге. 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Өз жобалары туралы бизнесмендер облыс әкімдігінде өткен үйлестіру кеңесінде айтып берді.
Мысалы, Жаңаарқа ауданында 2023 жылға қарай бағалы металдар мен полиметалдар байыту-өндірістік кешенінің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл жылына 200 мың тоннаға дейін кенді өңдейтін Доре қорытпасын, қорғасын және мырыш концентраттарын өндіретін кәсіпорын болады. Өнімді ішкі нарыққа, сондай-ақ Ресей мен Қытайға жеткізу жоспарланып отыр, - делінген ақпаратта.Ал Ақтоғай ауданында болашақта түсті металдар мен темірді қайта өңдеу жөніндегі байыту-өндірістік кешенінде мыс штейнін, молибденді және темір концентраттарын өндіруді жолға қойғысы келеді. Өнімнің 80% экспортқа шығады.
Сондай-ақ, Қаражалда темір концентраты мен шойын шығаратын кәсіпорынның және Нұра ауданында құс етін өндіру және қайта өңдеу кешенінің жобалары ұсынылды. Барлық жобалар іске асыру сатысында және жоспар бойынша таяудағы 2-3 жылда аяқталуы тиіс. Бүгінгі таңда Қарағанды облысының кәсіпкерлікті қолдау картасына 112 жоба енгізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көлгінов: Өнім сапасына мән беру керек
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы