Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» тасжолы жабылған. Дегенмен жолға шыққан Шымкент – Степной бағытындағы автобус және басқа да автокөліктер қар құрсауында қалған.
Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.Шаян – Шолаққорған арасында Таскөмірсай ауылынан шамамен 15 шақырым қашықтықта қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді. Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 6 қызметкер, 2 техника жұмылдырылған. Департамент мамандарының мәліметінше, 5 жеңіл автокөлік және автобуста 50 жолаушы, оның ішінде 3 бала болған. Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетіліп, Шолаққорған ауылына жеткізілді, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Солтүстік Қазақстан облысында карантин жеңілдетілді
Өзгелердің жаңалығы