Қапшағайда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конституция күні қарсаңында Қапшағайда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтті.
Жарысқа қатысушылар футбол, волейбол, баскетбол және шахмат пен дойбы ойындары бойынша сайысқа түсті.
«Бізбен бірге» қоғамдық қорының қолдауымен өткен спорттық ойындарға 35 тен аса адам қатысты. Осылайша «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де тартысқа толы дода болды.
Біздің орталықта 130-дан астам адам қаралады. Денсаулықтарындағы ерекшеліктеріне қарамастан, олар футбол, волейбол, баскетбол ойнап, спортпен белсенді түрде айналысады. Қазіргі пандемия уақытында көп жандар қозғалыс тапшылығын сезініп жатыр. Сондықтан, осындай жарыстарды өткізу маңызды, - дейді Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының маманы Алмаз Ахатқызы.
Спартакиада соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен арнаулы алғыс хаттармен марапатталды.
Осылайша Қапшағай қаласы ішкі саясат бөлімі мен “Бізбен бірге” қоғамдық қоры қолдау көрсеткен жарыс нәтижелі аяқталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысының әкімі Конституция күнімен құттықтады
Келесі жаңалық
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Өзгелердің жаңалығы