«Қап-ай, ыңғайсыз болды-ау». Сәдуақасова сынға қалған Роза Рымбаеваға қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова эстрада әншісі Роза Рымбаеваның даулы пікіріне байланысты өз ойын білдірді.
Оның айтуынша, көпшілік әр тұлғаның жеке пікіріне сыйластық таныту керек. Қазіргі айтылып жатқан сын-пікірлер орынсыз.
Қап-ай, ыңғайсыз болды-ау. Әрине, Иманбектің ремикстарын күллі әлем тыңдап, тамсанып, әлемдік деңгейдегі сарапшылар небәрі 20 жасар қазақ баласының шығармасына Grammy берді. Қателеспем Орта Азиядан Grammy ұтып алған алғашқы музыкант біздің - Иманбек, көрші Ресей елінің халқы біз үшін қуанып, құттықтап жатты. Сөзсіз Иманбек бағы жанған, өте талантты, білімді, қарапайым қазақтың баласы. Біздің мақтанышымыз, - деді ол.
Оған 40 жылдан астам еңбек еткен Роза Рымбаеваға айтылған сөздер, жерден алып, жерге салып жатқан сындарды көру ауыр тиген.
Бірақ еліміздің Халық әртісін, 40 жылдан астам өнерде еңбек етіп жүрген Роза Қуанышқызына соншама ауыр сөздер жазып, жерден алып, жерге салып жатқанын көру өте ауыр. Бұл ол кісінің жеке ойы, жасын сыйлайық, құрметпен қарайық, достар. Иманбектің бағын ашқан, қазіргі таңда әлемді шайқап келе жатқан ремиксы «ROSES» деп аталады, - деп жазды әнші.
Айта кетейік, күні кеше Әли Оқапов даулы оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын. Ол анасының ойымен келіспейтінін айтып, Иманбектің тыңдармандарынан кешірім сұрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ғалымдар ұйқысыздықтан арылтатын тәсілді айтты
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы