21 Қаңтар 2024 2024, 11:27
Фото: gov.kz
Канвон-2024: Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті
V қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында шорт-тректен финалда бақ сынаған Полина Омельчук 3-орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының екінші күні Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шорт-тректен 1000 метр қашықтықта бақ сынаған Полина Омельчук үздіктер қатарына еніп, қола медаль жеңіп алды.
Ол 1000 метр қашықты 1:41,600 уақыт көрсеткішімен бағындырды.
Ли Жинзи — 1:40.803
Янг Жингру — 1:40.996
Полина Омельчук — 1:41:600
Осылайша, Олимпиаданың 2 күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 қола жүлде бар.
Кеше Олимпиаданың алғашқы күні шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных чемпион атанып, тұңғыш алтынды жеңіп алған болатын.