Қаңтардың соңғы күнінде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігі антициклон әсерінде болады, жауын-шашын жаумайды.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, ертең Қазақстанның батысында және оңтүстік-батысында фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады, көктайғақ болады. 

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні -15-20 м/с. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. 

Маңғыстау облысында түнде көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы күндіз 23 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-шығысында жел екпіні -15 м/с. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 28 м/с жетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы