Қант қызылшасы өнімін 2 млн тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз – Баталов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте ауылшаруашылық өнімі көлемін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Агроөнеркәсіп кешенінде 2022-2026 жылдарға арналған Ұлттық жоба аясында ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, сүт өнімдері, дәнді және майлы дақылдарды өндіру мен өңдеу бойынша жеті әрі экожүйе қалыптастыру жоспарда бар екен.

1,3 млн ірі қара, 4,5 млн қой мен ешкі, 1 млн гектарға жуық егіс алқабы бар өңірдің әлеуетін ескерсек, біздің аймақ осы жобаның ең белсенді қатысушыларының бірі. Мысалы, қант өндіретін екі зауыт жұмыс істеп тұр. Енді тағы қосымша Алакөл және Қарабұлақ қант зауыттарын қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Осылайша, алқап аумағын 35 мың гектарға ұлғайту арқылы қант қызылшасы көлемін 2 млн тоннаға дейін жеткізуді міндет етіп отырмыз. Қазір 16,3 мың гектардан 550 мың тонна өнім алып отырмыз, - дейді А. Баталов.

Сонымен қатар ол ет өңдеу бойынша «Жетісу қой» жобасы қолға алынғанын айтты.

Қазіргі сәтте барлық ұйымдастыру мәселесі шешілді, инженерлік инфрақұрылымның құрылысына қаржы бөлінді. Инвестор зауытты жобалау жұмысына кірісіп кетті. Сондай-ақ «Тайсон Фудс» жобасы бойынша да жұмыстар басталды, етті өңдеу зауытын салу үшін жер телімі бөлінді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы