Қанша елордалық коронавирусқа қарсы екінші рет вакцина алғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова хабарлады. Сонымен қатар ведомство өкілі 22 қарашадан бастап бүкіл ел бойынша азаматтарды коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинациялау басталғанын алға тартты.
Бүгінгі күні қала бойынша медициналық қызметкерлер, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері, 60 жастан асқан және иммунитеті төмен адамдар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері 2 100-ге жуық адам қайталама вакцинаны алды. Ревакцинация санитарлық нормалар мен компоненттер арасындағы аралықты қатаң сақтай отырып жүргізілгенін айтқым келед. Вакцинаны қайтадан медициналық ұйымдардың және СОО, СҮ вакциналау пункттерінен алуға болады, - деді Әлия Рүстемова.
Бүгінгі күні халықты жаппай вакциналаумен қамту үшін вакцинация пункттері 36 медициналық ұйымдарда және қаланың 4 сауда кешенінде ұйымдастырылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордада жиырма күн ішінде 10 мыңға жуық елордалық Pfizer вакцинасын салдырғаны туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары кімдер?
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы