Каноэдан әлем чемпионатында қазақстандықтар екі медаль алды
Батысқазақстандық Мария Бровкова каноэдан жастар арасында Мажарстанның Сегед қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Спортшының анасы әрі жеке бапкері Елена Бровкова мәлім еткеніндей, Мария 18 жасқа дейінгілер арасында бұл жолы 500 метр қашықтықта бір адамдық каноэда қола жүлдеге ие болды.
Қазақстандық спортшы қытайлық және мажарстандық каноэшыдан кейін мәре сызығын үшінші болып қиып өтті.
Осылайша, Мария Бровкова әлем чемпионатында екінші медаліне қол жеткізді. Ол Қазақстан тарихында тұңғыш рет қыздар арасында әлем чемпионы атанған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарлық еріктілер Қостанай облысының зардап шеккен тұрғындарына көмек жинап жатыр
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы