Канн фестивалі мамыр айында өтпейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шара ұйымдастырушылары фестивальді маусымның соңы – шілденің басына ауыстыру жөн деп шешкен, деп жазды korrespondent.net.
Францияда коронавирустың таралуы салдарынан Канн фестивалінің өту мерзімі шегерілді. Бұл туралы 19 наурызда ұйымдастырушылар таратқан хабарламада айтылған.Шара бұған дейін жоспарланғандай мамыр айында өтпейтін болды, қазіргі таңда шараның өтетін мерзімін ауыстыру мәселесі қаралып жатыр.
Бүгін біз шешім қабылдадық. Канн фестивалін жоспардағыдай 12-23 мамырда өткізе алмайтын болдық. Қазір фестивальдің нақты өту мерзімі ойластырылуда. Негізі шараны биыл маусымның соңы – шілденің басына қарай өткізу ойда бар, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.Олар Франция және әлем елдерінде жағдай тұрақталса, фестивальдің нақты мерзімін қосымша хабарлайтынын айтты. Еске сала кетейік, 73-ші Канн фестивалі 12-23 мамыр күндері Францияның Лазур жағалауында өтуі керек болған. Шара 1946 жылдан бер дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді
Өзгелердің жаңалығы