Қаңғыбас жануарларды ату қаржылық жағынан тиімсіз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы бес жылда қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, атуға жұмсалған қаржы бұл әдістің тиімсіз екенін көрсетті. Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингте «Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығы» ЗТБ басшысы» Лилия Сарсенова айтты.
Оның айтуынша,елдің әр өңірінде соңғы бес жылда осы мақсатта бөлінген бюджет қаражы тек өсу динамикасын көрсеткен. Бір ғана Алматы қаласында ол 21 пайызға дейін өскен.
Қаңғыбас жануарлардың көптігі адамдардың жауапкершіліксіздігі мен мемлекеттің олардың санын реттеуге салғырт қарауының нәтижесі. Ол қаңғыбас жануарлардың санын реттеудің ізгі бағдарламасының қандай болу керектігі туралы айтып берді.
Бұл кешенді шаралардан тұратын ауқымды бағдарлама. Оның ішіне қаңғыбас жануарларды тіркеу мен есебін жүргізу, вакцинациялау, стерилизация жасау, адамдардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыруды көздеу керек. Сонымен қатар, заңдардағы қереғар тұстарға өзгерістер енгізу, қаңғыбас жаунарларға арналған орталықтар ашу қажет, - дейді ол.
Оның айтуынша, мұндай бағдарлама 3-5 жылға қабылдануы тиіс.
Мысалы Грузияда бағдарлама алғашқы үш жылдан кейін нәтиже көрсете бастады. Қазір елде қаңғыбас жануаралар саны екі есе азайған. Барларының өзі стерилизацияланды, демек бұдан әрі көбеймеді деген сөз, - дейді ол.
Оның айтуынша, үй жануарларын есепке алу үшін бірығай база жасақтап, чиптеуді енгізу қажет. Осылайша жоғалған жануар қаңғыбастардың санына қосылмайтын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы