Канелоның промоутері GGG-мен түбінде үшінші кездесу болады деп санайды

Алматы, BAQ.KZ. Орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя отандасымыз Геннадий Головкин мен «Канело» арасында үшінші кездесу болады деген ойда. Бұл туралы ол Boxingscene.com порталына берген сұхбатында айтты.

«Головкинмен кездесу болатыны сөзсіз, алайда ол «Канело» қойған шарт бойынша өтеді. «Канелоға» таңдау көп, сондықтан Головкинге қайтадан абыройын жинап, Альварестің деңгейіне дейін сатылап көтерілуі керек. Егер Геннадий солай жасайтын болса, үшінші кездесу өтетініне 100% сенімдімін», - дейді Де Ла Хойя.

Бұған дейін Головкин мен «Канело» екі рет кездескен болатын, алайда оның нәтижесі сарапшылар мен жанкүйерлер арасында дау туғызған еді. 2017 жылы қазылар боксшылар тең түсті деген қорытындыға келген, бірақ көптеген көрермен мен сарапшы мамандар қазақстандық боксшы басым болды деген ой айтқан. Ал 2018 жылғы кездесуде қазылардың шешімімен жеңіс Альвареске берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы