"Канелоның" бапкері Головкинмен үшінші жекпе-жектің қашан өтетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық боксшы Сауль Альварестің бапкері Эдди Рейносо өз шәкіртінің алдағы жоспарлары жайлы айтты, деп жазады Prosports.kz.

Жаттықтырушының айтуынша, "Канело" биыл жыл соңына дейін екі жекпе-жек өткізеді. Алғашқы кездесу қыркүйек айында екінші орта салмақтағы чемпиондардың біріне қарсы өтеді. Сонымен қатар Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жектің де өтуі мүмкін.

Биыл екі жекпе-жек өткізгіміз келеді. Мамыр айында өнер көрсете алмадық. Сондықтан қыркүйек пен желтоқсан айларында жұдырықтасуды жоспарлап отырмыз. Билли Джо Сондерспен, екінші орта салмақта IBF чемпионы Калеб Плантпен немесе WBC чемпионы Дэвид Бенавидеспен кездесуіміз мүмкін. Бізде бірнеше нұсқа бар. Ал Головкинмен үшінші жекпе-жекке келсек, ол желтоқсан айында өтуі мүмкін. Бірақ ол Камил Шереметадан бұрын "Канеломен" жұдырықтасқысы келмейтін секілді, - деді Рейносо Box Azteca-ға берген сұхбатында. 

Бұған дейін Эдди Рейносо Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге қарсы емес екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ промоутер Эдди Херн де Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жектің желтоқсан айында өтуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Айта кетейік, "Канело" мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы