"Канело" жұртқа қымбат яхтасын көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBC және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес 60 млн доллар тұратын яхтасын көрсетті, деп хабарлады Boxingnews24.com.
Боксшының лақапаты жазылған яхтаның видеосын спортшы Instagram желісіндегі парақшасына салды. Видео Багам аралдарында демалыс кезінде түсірілген.
"Рахаттанып жатырмын", - деп жазды Альварес видеоның сипаттамасында.
2018 жылы Сауль Альварес DAZN-мен бес жылдық келісімшартқа қол қойды, онда ол 11 жекпе-жек үшін 365 миллион доллар алады.
Қазір ол үш жекпе-жек өткізді, 2 қарашада ресейлік Сергей Ковалевті нокаутқа түсірді.
Келесі жекпе-жекті мексикандық мамыр айында өткізеді. Қарсыласы әлі белгісіз. 2019 жылы The Ring журналы "Канелоны" салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшы деп атады. Бүгінгі таңда ол ең жоғары ақы төленетін боксшы. 2018 жыл қазаннан бастап 2019 жылдың 20 наурызына дейін жеке келісімшарт бойынша тарихтағы ең жоғары ақы төленетін спортшы болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жігіттердің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалған
Өзгелердің жаңалығы