18 Желтоқсан 2019 2019, 18:46
"Канело": Кез келген салмақтағы мықтылармен жұдырықтасуға дайынмын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес жартылай ауыр салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінен бас тартуы жайлы мәлімдеме жасады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес жартылай ауыр салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінен бас тартуы жайлы мәлімдеме жасады, деп жазады Рrosports.kz.
Шаршы алаңдағы менің жетістіктерім жанкүйерлерім мен елімнің мақтанышы болғанын түсінемін. WBO-мен ара-қатынасым бұрыннан жақсы. Олардың боксы дамыту мен сақтау жолындағы еңбегін бағалаймын. WBO-мен келісімім бойынша жартылай орта салмақтағы титулды тұрақты ойнатуға болады. Ал мен кез келген салмақтағы мықтылармен жекпе-жек өткіземін, - деп келтіреді Сауль Альварестің сөзін Golden Boy промоушені.