Канело Головкинмен үшінші мәрте жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес Геннадий Головкинмен үшінші рет жекпе-жекке шығатынын жариялады.
Бұл туралы мексикалық боксшы баспасөз мәслихаты кезінде айтты.
Боксшы сөзін ESPN KnockOut жариялады.
Алдағы бірнеше күнде біз қыркүйек айындағы жекпе-жек жайлы ақпарат жариялаймыз; әрине (қыркүйекте) ол GGG-ге қарсы болады, өйткені бізде осындай келісім болған, бірақ мен тағы да Биволмен де жұдырық түйістіремін, – деді Сауль Канело Альварес
Канело мен GGG-дің (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте өтеді деп күтіледі.
Альварес абсолютті әлем чемпионы болып табылатын супер орта салмақта бақ сыналады.
Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары өтті. GGG мен Канелоның алғашқы кездесуі дау-дамаймен аяқталды, ал 12 айдан кейін болған екінші жекпе-жекте мексикалық төрешілердің басым дауысымен жеңімпаз болып танылды.
8 мамырда Канело ресейлік Дмитрий Биволдан сенсациялық түрде жеңіліп қалды. Жекпе-жектен кейін ресейлік реванш өткізуге уәде берді. Осыған байланысты Головкин – Альварестің көптен күткен жекпе-жегі кейінге шегерілу ықтималдылығы да туды.