«Канело» әлем чемпионы атағын екінші рет қорғап қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Майамидегі (АҚШ, Флорида) Hard Rock Stadium аренасында мексикалық боксшы Сауль Альварес (54-1-2, 36 КО) пен түрік боксшысы Авни Йылдырымның (21-2, 12 КО) жекпе-жегі өтті, деп хабарлады Sports.kz.
«Канело» бұл жекпе-жекке WBC және WBA Super нұсқалары бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы белбеулерін қойған болатын. Боксшы бұл титулдарды өткен жылдың соңында британиялық боксшы Каллум Смитпен (27-1, 19 КО) болған кездесуде жеңіп алған еді.
«Канело» мен Йылдырым арасындағы жекпе-жек он екі раундқа жоспарланған, бірақ Альварестің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды.
Түрік спортшысы үшінші раундтағы нокдауннан кейін төртінші раундқа шықпады.
Осылайша Сауль Альварес өзінің кәсіби мансабында 55-жекпе-жекте жеңіске жетті, ал Авни Йылдырым үшінші рет жеңілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы