Канело абсолютті чемпион атағы үшін жекпе-жек өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Супер орта салмақтағы WBC, WBA Super және WBO чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес IBF белбеуінің иегері америкалық Калеб Плантпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек 6 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Канело өзінің әлеуметтік желілерінде алдағы күрес туралы ресми түрде жариялады.
6 қарашада біз Мексика боксын шыңға шығарамыз! Қоржынымда жетіспей тұрған белбеу үшін барамын!, – деп жазды боксшы.Канело Плантты жеңген жағдайда 168 фунтта абсолютті әлем чемпионы атағына ие болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытай билігі үш балалы болуға рұқсат берді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы