Қандай вакцина тиімді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляев айтты.

Қандай вакцина тиімді екенін қазір емес, сәл уақыт өткен соң салыстырмалы зерттеулер жасалғаннан кейін ғана нақты айтуға болады. Қазір клиникалық зерттеу кезеңінде алынған мәліметтер негізінде ғана айта аламыз. Ал олардың тиімділігі шамамен бірдей және вирус жұқтырудан бірдей деңгейде қорғайды. Алайда салыстырмалы зерттеулер белгілі бір уақыт өткеннен кейін ғана белгілі болады, - деді ол.

ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ерәлиева «Спутник V» вакцинасы мутацияланған штамдарға тиімді әсер ететінін айтты.

Ресейлік БАҚ-та вакцинаның қорғанышы 60%-дан жоғары болатыны айтылды, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман «Спутник V» вакцинасын ғылым саласы қол жеткізген ірі жетістік екенін мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы