Қанат Ислам жақын арада кездесу өткізуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 36 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) Түркияның Стамбул қаласындағы жаттығу жұмыстарын бастады, деп жазады Vesti.kz.
Жаттығу жұмыстарын Ислам Performans Spor Kulübü спорт залында өткізіп жатыр. Боксшы бір апта бұрын дайындыққа кіріскен. Ал бұған дейін Қазақстанда болған еді. Негізі Қанат Ислам маусым айында жекпе-жек өткізу керек еді. Алайда белгісіз себептерге байланысты кездесу өтпей қалды.
Соңғы рет ол 21 ақпан күні Майами (Флорида штаты, АҚШ) қаласында эквадорлық Джейсон Миндаға (14-4-1, 8 КО) қарсы өткізіп, жетінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда «Ashyq» жобасының көшбасшылары анықталды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы