Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) АҚШ-тың Флорида штатындағы Майамиде өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бастапқыда Қанат Ислам ганалық Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда белгісіз себептермен африкалық боксшының жекпе-жекке қатыспайтыны анықталып, оның орнына эквадорлық Джейсон Минда (14-3-1, 8 КО) шаршы алаңға шығатыны белгілі болған еді.
Сонымен КОТV платформасында тікелей эфирден көрсетілген жекпе-жек 10 раундқа созылуы тиіс болатын. Алайда айқас барысында Қанат Исламнан екі рет нокдаун алған Джейсон Минда жетінші раундта нокаутқа түсіп қалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нью-Йорктағы қазақ полицейі АҚШ-тағы жекпе-жекте жеңді
Өзгелердің жаңалығы