26 Қараша 2024 2024, 14:05

Канар аралдарында 84 мигрант құтқарылды

Испанияның жағалау күзеті Канар аралдары маңында 84 мигрантты құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Испанияның жағалау күзеті Канар аралдары маңында 84 мигрантты құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Мамандар ағаш қайыққа мінген босқындарды Эль-Йерро аралынан 10 миль қашықтықта байқап қалған. Кейін келімсектер Ла-Рестинга портына жеткізілген. Биыл Канар аралдарына ағылған мигранттар саны өте көп. 

Испанияның Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша жыл басынан бері аталған аймаққа 40 мыңға жуық босқын барған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 23 пайызға көп.