Канар аралдарына метеорит құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Метеорит Икод-де-лос-Винос пен Тенерифе аралының Буэнависта-дель-Норте муниципалитеттері арасында құлауы мүмкін.

Испаниядағы Канар аралдарына метеорит құлады. Ол Тенерифе аралының солтүстігінде іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Diario de Avisos газеті.

Хабарламада айтылғандай, ғарыш денесі 14 шілде күні құлаған, алайда бұл оқиға туралы қазір ғана белгілі болып отыр. Аралдың ғылым және ғарыш мұражайындағы камералар оқиғаны растайды.

Метеорит Икод-де-лос-Винос пен Тенерифе аралының Буэнависта-дель-Норте муниципалитеттері арасында құлауы мүмкін екені болжануда. Оқиға орнынан 10-нан 50 грамға дейінгі салмағы бар ғарыш денесінің қара бөлшектерін табуға болады.

Еске сала кетейік, 2 шілдеге қараған түні Токио мен қала маңындағы жергілікті тұрғындар метеоридтің ұшуын байқаған. Олардың көпшілігі жарылысқа ұқсас дыбыс естіді.

Ал маусым айында Австралияның батыс бөлігінде куәгерлер аспаннан жарқыраған шарды байқады. Кейбір астрономдар  ол 2002 NN-4 астероиды болуы мүмкін, деп санайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы