Канадада миллионға жуық адам жарықсыз қалды
Мұз аралас жаңбыр мен қатты желден Канаданың Онтарио және Квебек провинцияларындағы миллионнан астам тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы PowerOutage.ca порталы хабарлады.
Квебекте провинциясында шамамен 988 мың үй электр жарығынсыз қалса, ал Онтариода 130 мыңнан адам жарықсыз қалып отыр.
Сәрсенбіде мұзды жаңбыр мен қатты жел Монреаль мен провинцияның басқа оңтүстік-батыс бөліктеріне құйып, жүздеген мың тұрғынды жарықсыз қалдырды, - деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Мұндай оқиға 22 наурызда Калифорнияда болды. Онда қатты дауыл салдарынан бірнеше жүз мың адам жарықсыз қалғаны хабарланған болатын. Дауыл 21 наурыз күні түстен кейін Сан-Франциско мен Монтерей шығанағы аудандарында болды. Салдарынан 200 мыңнан астам адам жарықсыз қалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы