Канадада мидың белгісіз ауруы таралып жатыр
Канаданың Нью-Брансуик провинциясында мидың бұған дейін белгісіз болған ауруы таралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
National Post басылымы таратқан ақпаратқа сүйенсек, дерт Нью-Брансуик пен Жаңа Шотландияда өршіп тұр.
Провинция басшысы Сьюзан Холт елдің денсаулық сақтау федералдық агенттігін ауруды зерттеуге шақырды.
Біз бұл ауруды қалай анықтап, диагностикалау мен емдеуді білмейміз. Бізге аурудың таралу себебі белгісіз, - деп атап өтті ол.
Басылым деректеріне сәйкес, аурудан зардап шеккендер саны бірнеше жүзге жеткен. Ол адамдарда нейродегенерациялық синдром тудыратыны айтылуда.
Сондай-ақ мазасыздық, ұйқысыздық, аяқ-қолдың ауырсыну, тістің қақсауы, буынның сырқырауы, көру қабілетінің нашарлауы мен галлюцинация сынды симптомдары бар.
Ауруға көбінесе 45 жасқа дейінгі тұрғындар шалдыққан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қызметтік ит ұландықтарға есірткі табуға көмектесті
Өзгелердің жаңалығы