Канадада дала өрті өршіп тұр

Йеллоунайф қаласының тұрғындары, үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл шамамен 20 мың адам. Жалын қалаға қарай жақындап қалған соң, жергілікті билік шұғыл эвакуация туралы бұйрық берді. Тұрғындарды көшіруге әскерилер көмектесіп жатыр. Сонымен қатар, қалада азық-түлік пен бензин қоры азайған. Биыл Канадада 100-ден астам дала өрті тіркелді. 

Сарапшылардың пікірінше, бұған климаттың өзгеруі әсер еткен.

 Бүгін таңға қарай қалың түтін болды, бұл өте қорқынышты. Біз үйлерімізді тастап кеттік, - деді  тұрғын Марг Хаддер.

Испанияда да тұрғындар эвакуацияланды Испанияның Тенерифе аралында да орман өртеніп жатыр. Мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды. Жергілікті жұртқа ауаның ластануына байланысты, үйден шықпау ескертілді. 

Дала өртімен күресу үшін, жүздеген өрт сөндіруші мен әскерилер оқиға орнына жетті. Соңғы ақпарат бойынша жалын 2 жарым мың гектардан астам жерге жайылған. Бұл соңғы онжылдықта тіркелген, аралдағы ең үлкен өрттің бірі. Жыл басынан бері Испанияда 64 мың гектар орман өртеніп кетті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы