Канадада 21 қазан күні парламенттік сайлау өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы премьер-министр Джастин Трюдо халыққа жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Үкімет басшысының айтуынша, Канада генерал-губернаторы Жюли Пейетт оның парламентті тарату туралы өтінішін қабыл алған.Айта кетейік, Канадада парламенттік сайлау әр 4 жыл сайын өтеді. Биылғы саяси шара - ел тарихындағы 43-ші сайлау. Саяси партиялар төменгі палатаның 338 орны үшін күреседі. Әзірге сайлауға 6 партия тіркелген. Оның ішінде билеуші «Либералдық партия» бар. Бірақ сарапшылар «осы додада премьер-министр партиясының ықпалы әлсірейді» деп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанға сырттан әкелінетін көкөністер 41,3% қымбаттады
Өзгелердің жаңалығы